Жаналықтар

08.11.2026
2026 жылғы 30 қазанда «KMG EP-Catering» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және комплаенс жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
03.11.2026
«KMG EP-Catering» ЖШС мерейтойында қызметкерлер марапатталды

2026 жылдың 20 қазаны күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шара барысында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерге салалық және корпоративтік марапаттар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
25.10.2026
2026 жылдың 20 қазан күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде Халықаралық аспазшылар күні мен «KMG EP-Catering» ЖШС-нің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Жиынға Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Ғалымұлы Хасенов, сондай-ақ құрметті қонақтар, Серіктестік ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
25.10.2026
Республика күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мұнай-газ саласының қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, олардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.
22.10.2026
«KMG EP-Catering» ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай Серіктестіктің жас мамандарына арналған тимбилдинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру, өзара қарым-қатынасты дамыту және ұжымдық бірлікті арттыру.
Тимбилдинг барысында қатысушылар түрлі командалық ойындар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
17.10.2026
«KMG EP-Catering» ЖШС басшылығының қызметкерлермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында еңбек жағдайлары, әлеуметтік мәселелер, қызметкерлердің ұсыныстары мен өзекті сұрақтары талқыланды.


17.10.2026
«KMG EP-Catering» ЖШС басшылығы кәсіподақ ұйымдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
05.10.2026
Ұстаз — жүрекке жол салған ұлы есім!

«Самұрықнама: 20 игі іс» жоспары аясында 5 қазан – Ұстаздар күніне орай, Сервистік қызмет көрсету цехының электромонтері Канибаев Бауыржан өмір жолында ерекше із қалдырған ұстаздары туралы ой бөлісті.

Ұстаз берген білім — өмірлік жолыңдағы шамшырақ.
Барша ұстаздарға мың алғыс!
05.10.2026
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «KMG EP-Catering» ЖШС-де «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
29.09.2026
Еңбек күні – маңдай термен жасалған еңбекті бағалау

2026 жылғы 27 қыркүйекте «Еңбек күні» акциясы аясында «KMG EP-Catering» ЖШС ұжымы күнделікті еңбегімен елге қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеуге бағытталған шара өткізді.

«KMG EP-Catering» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыты – тамақтандыру қызметін көрсету. Осыған орай біз бір күндік жұмыс барысын аспазшының көзімен көрсетуді жөн көрдік.

Pages: 1 2 3 4 5 ... 10 Next