«KMG EP-Catering» ЖШС басшылығы кәсіподақ ұйымдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Басшылық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы, ұжымдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, кәсіподақ өкілдеріне әлеуметтік әріптестікті дамытуға және қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.