Салтанатты жиын

25.10.2026

2026 жылдың 20 қазан күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде Халықаралық аспазшылар күні мен «KMG EP-Catering» ЖШС-нің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Жиынға Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Ғалымұлы Хасенов, сондай-ақ құрметті қонақтар, Серіктестік ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Мерекелік іс-шара аясында қонақтар «Әлем халықтарының асханалары» көрмесімен танысып, аспазшылардың кәсіби шеберлігі мен ұлттық және әлемдік тағам мәдениетінің ерекшеліктерін тамашалады.

Мерейтой аясында Серіктестіктің өркендеуіне және дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер салалық және корпоративтік марапаттармен, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Другие новости