Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды тапсыру

25.10.2026

Республика күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мұнай-газ саласының қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, олардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Мерекелік шара аясында «KMG EP-Catering» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері де жоғары марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, Серіктестіктің Бас директоры Тарас Айтөреұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар,  Серіктестіктің қоғамдық тамақтандыру цехының аспазшылары:

▪️ Етмышбаева Карлыгаш;
▪️ Узакбаева Айкумис;
▪️ Утесинова Акбиби

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Другие новости