Еңбек күні

29.09.2026
Еңбек күні – маңдай термен жасалған еңбекті бағалау 2026 жылғы 27 қыркүйекте «Еңбек күні» акциясы аясында «KMG EP-Catering» ЖШС ұжымы күнделікті еңбегімен елге қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеуге бағытталған шара өткізді. «KMG EP-Catering» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыты – тамақтандыру қызметін көрсету. Осыған орай біз бір күндік жұмыс барысын аспазшының көзімен көрсетуді жөн көрдік. Таң сәріден басталатын жұмыс, ас дайындаудың жауапты сәттері, әр тағамға деген ұқыптылық пен еңбекқорлық – мұның барлығы қарапайым көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Аспазшының еңбегі – тек дәмді тағам әзірлеу емес. Бұл – әр күн сайын адамдарға жылулық, жайлылық және жақсы көңіл-күй сыйлау. Бір күндік бейнеролик арқылы асханадағы көрінбейтін, бірақ маңызы зор еңбекті көрсетуге тырыстық. Еңбекке құрмет – адамға құрмет. Әр маманның еңбегі бағалы, әр еңбектің артында үлкен жауапкершілік бар!

Другие новости