2026 жылғы 30 қазанда «KMG EP-Catering» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және комплаенс жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Комплаенс қызметінің жетекші маманы Райымбек Жарас, сондай-ақ Серіктестік басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер, мүдделер қақтығысын реттеу, комплаенс-функцияның тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару мәселелері қаралды.
Жиналыс қорытындысымен Серіктестіктің Бас директоры ұсынылған ақпараттың маңыздылығын атап өтіп, алынған ақпарат пен ұсынымдарды күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алу қажеттігіне назар аударды.