20- қазан халықаралық аспазшылар күні.

25.10.2022

20-қазан бүкіл әлемдік аспаздар мерекесі. Аспаздық – бұл үлкен шеберлік! Әр мамандықтың абыройлы екендігін, әр кәсіптің өз құндылығы бар екенін ескере келе мекеме тарихына тереңінен үңілсек, ел игілігі үшін қара алтын өндіріп жүрген мұнайшыларымызды алуан түрлі ыстық тағаммен қамтамасыз етудегі мүлтіксіз еңбектерінің арқасында аспазшыларымыз үлкен абыройға ие болуда! Бұл дегеніңіз – тыңнан түрен салған Өзен кенорны мұнайшыларына жасалған үлкен еңбектерінің жемісі.
Осыған орай Серіктестікте кәсіп иелері  ерекше құрметке бөленді. Аспаздарды мерекесімен  «ӨМГ» АҚ-ның бас директоры Ибағаров М.О. атынан әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Суитов М. және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Жубаназаров Б.Б жылы лебізімен құттықтап, алғыс хатымен марапаттады.

Другие новости