10 – қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні

10.10.2023

«KMG EP-Catering» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақтарына ұжым басшылығы атынан алғыс хат пен сый-сияпаттар табысталып, алғысқа бөленді.

Ел игілігі үшін қара алтын өндіріп жүрген мұнайшыларды алуан түрлі ыстық тағаммен қамтамасыз етудегі мүлтіксіз еңбектерінің арқасында жұмысшыларымыз үлкен абыройға ие болуда.

Кәсіподақтар күні мерекесінде кәсіподақ ұжымының мамандарын құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым туған – туыс аман, есіміңіз мәртебелі, еңбегіңіз елеулі болсын.

Другие новости