«Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 77 жыл» толуына орай, «KMG EP-Catering» ЖШС ардагерлерге құрмет көрсетті.

09.05.2022

9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында Жаңаөзен қаласындағы тыл ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Серіктестіктің бір топ мамандары Балиева Балданай және ДайраевТәжімұрат есімді ардагерлерді мерекемен құттықтады. «KMG EP-Catering» ЖШС және «Аманат» партиясының атынан алғыс хаттар табысталып, арнайы дайындалған сыйлықтар берілді. Кәріге құрмет-балаға міндет. «Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!» делінген алғыс хатты қабылдаған ардагерлер тілек-лебіздерін білдіріп мекеме ұжымына көңілдері толып, мекеме басшылығына шексіз алғыстарын айтты.

Другие новости