Әлем чемпионаты қатысушылары Кендірліде орналасты

2017 жылдың 21–25 мамыр аралығында «Қ.Р. Автомотоспорт Федерациясы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстанда тұңғыш рет автомобилдер спорттық жарысынан (Ралли Казахстан- 2017) Әлем чемпионатына қатысушы отандастарымыз бен шетелдік қонақтар Кендірліге келіп орналасты. Аталған көпсатылы жарыстың 280–дей қатысушысы мен ұйымдастырушылар алқасы демалыс аймағында орналасып, әлемдік қонақтарға жоғарғы  деңгейде сервистік қызмет көрсету, яғни тамақтандыру, жатын орындарымен қамтамасыз ету жұмысы талапқа сай жүзеге асты. «Халықаралық  FIA күнпарағына енгізілген әлемдік чемпионат қатысушыларын күтіп алу мәртебесі бізге бұйырғанына қуаныштымыз, ашылғалы әлемдік деңгейде маңызы бар шаралар өткізіліп келе жатырған біздің демалыс аймағы үшін мақтана аламын», — деген жұмысшылардың пікірі де ескерілді.

Другие новости