Коронавирус ауруының алдын алу мақсатында компанияда іс-шаралар жүргізілуде

27.03.2020

«KMG EP-Catering» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Б.Қорғанбаевтың коронавирус індетіне байланысты №29 санды бұйрығы «Жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» және №30 санды бұйрығы негізінде арнайы штаб құрылды.

COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында төмендегідей іс-шаралар жүргізілуде:

1) Коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында цехтарда, асханаларда қызметкерлерге арнайы нұсқама өткізіліп жатыр;

2) Жұмысшыларға коронавирус ауруының алдын-алу ережелерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді;

3) «KMG EP-Catering» ЖШС автокөліктерін күнделікті қызметкерлерді тасымалдаған сайын арнайы санитарлық жуғыш құралдарымен (хлор) тазалануда;

4) Цехтардағы, барлық нысандардағы ауыз су сыйымдылықтарын (емкость) хлорлау шараларын қатаң бақылауға алынды;

5) «KMG EP-Catering» ЖШС қарасты нысандарында коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында арнайы бөлмемен қамтамасыз етілді;

6) «KMG EP-Catering» ЖШС қарасты нысандарынды және көпшілік жиналатын орындарда (асханалар, ДШСК, сервистік қызмет көрсету цехына қарасты нысандар «Өзенмұнайгаз» АҚ экономикалық, өндірістік ғимараттар, қойма шаруашылығы, «Кендірлі» демалыс аймағы) дезинфекциялау, санитарлық-гигиеналық шаралар жасалуда;

7) «KMG EP-Catering» ЖШС қарасты нысандарында (асханалар, ДШСК, сервистік қызмет көрсету цехына қарасты нысандар, қойма шаруашылығы, «Кендірлі» демалыс аймағы) коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы сүлгі, антисептикалық шашқыш, қол жуатын таратқыштар (дозатор) және т.б. керекті құрал-жабдықтарды орнату, қамтамасыз етіліп, қатаң қадағалануда;

8) «KMG EP-Catering» ЖШС қызметкері болып табылмайтын бөтен адамдарға басқару аппараты ғимаратына және мекемеге қарасты нысандарға (асханалар, ДШСК, сервистік қызмет көрсету цехына қарасты нысандар «Өзенмұнайгаз» АҚ экономикалық, өндірістік ғимараттар, қойма шаруашылығы, «Кендірлі» демалыс аймағы) кіруге тиым салынды;

9) Мекемедегі барлық іс-сапарлар тоқтатылды;

10) Мекемедегі барлық іс-шаралар, спорттық жарыстар тоқтатылды;

11) Адамдар көп жиналатын мекемеге қарасты нысандар дезинфекциялануы және қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық тексеру, дене қызуын өлшеу қатаң бақылануда;

12) Коронавирус ауруының алдын-алу мақсатында «KMG EP-Catering» ЖШС қызметкерлерін 2018-2019 жылғы еңбек демалысына, ақысыз демалысқа және қашықтықтан жұмыс жасау режиміне жіберіліп жатыр.

Қазіргі таңға дейін COVID-19 инфекциясы бар қызметкер анықталған жоқ.

Другие новости