05.06.2020
Экология қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Осы қағиданы ұстана отырып, бізде, яғни «KMG EP-Catering» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау» мерекесі аясында «Кендірлі» демалыс аймағында сенбілік ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қостық.
Елімізде қоршаған ортаны қорғау мәселесінде әрбір Қазақстан азаматының экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында мұндай ізгі іс-шаралар өз нәтижесін беретініне сенімдіміз. Сондай-ақ атаулы сенбілік шаралары тазалыққа қол жеткізгенімен қоймай, қызметкерлеріміздің өзара ауыз біршілігінің нығаюына да септігін тигізе білді.