Халықаралық аспазшылар мерекесі

20.10.2020
Елімізде жыл сайын қазан айының 20 шы жұлдызы күні Халықаралық аспазшылар мерекесі атап өткізіледі.
Аспаздық – бұл үлкен шеберлік! Әр мамандықтың абыройлы екендігін, әр кәсіптің өз құндылығы бар екенін ескере келе мекеме тарихына тереңінен үңілсек, ел игілігі үшін қара алтын өндіріп жүрген мұнайшыларымызды алуан түрлі ыстық тағаммен қамтамасыз етудегі мүлтіксіз еңбектерінің арқасында аспазшыларымыз үлкен абыройға ие болуда! Бұл дегеніңіз – тыңнан түрен салған Өзен кенорны мұнайшыларына жасалған үлкен еңбектерінің жемісі.
Қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты санитарлық шараларын қатаң сақтай отырып, бас директор Калидуллин Қуандық Мәдениетұлы, Кәсіподақ төрайымы Арапбаева Қазына Құлжігітқызы, бас технолог Мамыкова Майра Бердіқызы Серіктестікке қарасты асханаларда қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтады.
Құттықтау барысында қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, тәттілер мен гүл шоқтарын ұсынды.
IMG_2572.JPG IMG_2590.JPG
IMG_2591.JPG IMG_2660.JPG

Другие новости