Аспазшылар мерекесі

22.10.2021

Өндірістің ыстығы мен суығына шыдап, тәулік бойы жемісті еңбек етіп, ел экономикасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген мұнайшыларды қысы-жазы тамақтап жүрген аспазшыларды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аспазшыларымыз дәмі тіл үйіретін тағамымен, жылы қабағы және жылы сөздерімен мұнайшылардың көңіл күйін көтеріп, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыруда.
Аталған мерекеге орай «KMG EP-Catering» ЖШС басшылығы аспазшыларға арнап салтанатты кеш өткізді. Серіктестігіміздің басшысы Утегенов Жасұлан Утегенович аспазшыларды құттықтай отырып, жұмыстарына табыс және отбасыларына амандық тілеп, алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, мерекелік кешке «ӨзенМұнайСервис» ЖШС тарапынан әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Нұрым Амантайұлы және әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімінің бастығы Сәрсенбай Аманғали арнайы ұжым атынан аспазшыларға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Мерекелік кешіміз өте жоғары деңгейде өтті.

Другие новости